Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.109): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/zhualy16.testim.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

8.02.2023ж. "Арнайы тігінші" мамандығының Т 25 тобының білімгерлерімен арнайы пән оқытушысы Тілеуберді М.С"Көйлек бөлшектерін пішу"тақырыбында ашық сабақ өтті.

Мақсаты: Білімгерлерге жаңа тақырып бойынша тың мәлімет беру, шеберлік дағдысын қалыптастыру, эстетикалық талғамын ұштау.

Сабақ жақсы тілек айтудан яғни,"Жүректен жүрекке" әдісімен басталды. Сабақ барысында "Сұрақ жауап","Шын мен жалған" және топтық жұмыс қималар мен сызба атауларын жазу тапсырмалары орындалды. Сабақ соңында"Жүректен жүрекке" әдісі арқылы кері байланыс жасалды.

8.02.2023ж. Орманкулова Ләззаттың ұйымдастыруымен "Шебердің қолы алтын" атты сыныптан тыс ашық көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: Келешек ұрпаққа қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу,білім іскерлігін жаңа жағдайға бейімдеу және білімгердің логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал ету.

Көрмеге әр түрлі материалдардан жасалған түрлі бұйымдар қойылды.

Білімгерлер арасында мақал -мәтелдер айту  сайысы болды.

Қос етек көйлек киген білімгер қыздар сән үлгісін көрсетті.

Көрме соңында  өндірістік оқыту шебері  Орманкулова Ләззат  Тігінші мамандығының   нарықтық экономикадағы рөлі  , пайдасы туралы баяндамамен  қорытындылады.