№ 16 Жуалы колледжінде 32 орындық ыңғайластырылған жатақхана бар. Қазіргі таңда 25 білімгер жатақханада жатады. 8 қыз, 17 ұл бала. Жатақханада білімгерлердің бір мезгіл жаңалықтармен танысып, демалатын орын бар. Жатақханада білімгерлердің жүріп тұруын қадалауға арналған бейне бақылау орналасқан. Сабақтан тыс уақытта білімгерлер кітапханаға барып кітап оқиды. Білімгерлерді қадағалауға, түрлі әрекеттерді болдырмау мақсатында әкімшілік, топ жетекші, шеберлерден кезекшілік қойылған. Білімгерлерге арналған жуынатын бөлме, асхана т.б орналастырылған. Аптасына екі күн жатақхана білімгерлеріне арнап спорт күні қойылған және психологиялық кеңес беру, тазалық күні, кітапхана күні бар.