Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

«БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ СҰРАНЫСҚА ИЕ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ»

  Бүгінгі күні колледжде Жуалы ауданындағы кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарына жұмысқа орналасу болжамы бойынша білімгерлердің жұмыспен қамтылуына ықпал ету үшін аудан әкімдігімен жасалған шарт негізінде мамандар даярлануда. Соның нәтижесінде колледж білімгерлерін ауданның белді кәсіпорындарының еңбек ұжымына орналастыру картасы жасалған. Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мақасатында аудан мекемелерімен және аудан әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығымен тығыз байланыс орнатылды. «Жастар тәжірибесі» бойынша бітіруші түлектерге бағыт-бағдар берілумен бірге олар тұрақты түрде бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуын қамтамасыз етеміз.

 «Өндіріс орны – кәсіпкерлер палатасы – оқу орны» бағытында маман жұмысшы кадрын даярлау барысында әр мамандық бойынша кәсіпорындармен үш жақты келісім шарт жасалынған. Осы үш жақтың да осы бағытта бірлесіп маман даярлауда және оларды орналастыруда жұмыс істеуі өте тиімді. Сондықтан да колледжде  қазір дуальдық оқыту жүйесіне ерекше назар аударылған. Бұл болашақ жұмысшының өндірісте машықтануына және жұмысқа орналасуына ерекше ықпал жасайтындығын  өмірдің өзі дәлелдеп келеді. Сапалы маман кадр даярлау үшін колледждің материалдық-техникалық базасы шешуші рөл атқаратындығы айтпаса да түсінікті. Колледжде мамандақтыр бойынша техникалық көрнекті құралдармен бірге қажетті жабдықтар алынған. Қазір қай салада болмасын техниканың дамуы жылдам. Цифрландыру жүйесі де колледжде даярлайтын мамандардың жұмыс тәжірибесіне ене бастағанын да жоққа шығаруға болмайды. Жақсы, біліктілігі жоғары маман даярлау үшін ең алдымен оның оқу базасы жоғары деңгейде болғаны жөн. Сондықтан да жұмысшы маман кадрларды даярлайтын оқу орындарына Үкімет тарапынан нақты көмек және арнайы бағдарлама керектігі белгілі. Міне осындай игі бастаманың бірі Елбасының бастамасымен жалғасын тауып жатқан бағдарламалардың бірі «Жас маман» жобасы. Бұл жобаның бағыты айқын, көздеген мақсаты биік, яғни бұл жобаға сәйкес елімізде сұранысқа ие, үздік теп танылған колледждер мен жоғары оқу орындарын жаңа талаптарға сай жаңғырту, халықаралық озық тәжірибелерге сүйене отырып, білікті маман даярлау, өндіріс пен оқу орны арасында үздіксіз байланысты орнату болып табылады.

Бір қуаныштысы, Республикалық бюджеттен жобаға енген 180 колледждің  қатарына еніп, колледждің «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының «Ауылшаруашылық өндірісінің тракторист-машинисті» біліктілігі бойынша материалдық-техникалық базасын жаңартылып, осы мамандық бойынша құзыреттілік орталығын ашуға мүмкіндік туып отыр. Материалдық-техникалық базасы мықты оқу орнында, жоғары білікті мамандардан тәлім алып, үздіксіз тәжірибеден өткен колледж түлектері болашақта бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие, білімді әрі жан-жақты машықтанған  үздік маман болып қалыптасатынына колледж ұжымының сенімі мол. Колледжде оқу-өндірістік  шебеханалар, оқу ғимараты, асхана, спорт залы санитариялық-гигеналық талаптарға  сәйкестендірілген. Жалпы пәндер, арнайы мамандықтар бойынша кәсіптік  білім алуы үшін 10 оқу кабинеті  мен 6 өндірістік  шеберхана жұмыс істейді. Оларға қажетті кітаптар мен оқулықтар да жеткілікті. Кітапхана оқу корпусының 3 – қабатында орналасқан. Кітап қоры – 13 367. Оның 7 108-і оқулық, оқу-әдістемелік  нұсқаулықтар – 267. Бір қызығы колледжде көркем әдеби кітаптар қорында мемлекеттік тілдегі кітаптан орыс тіліндегі кітап көп. Алайда жылдан-жылға бұл олқылықты жою бағытында жұмыс жасалуда. Соңғы жылдары электронды оқулықтар мен көрнекті құралдарды көбейтуге ерекше назар аударылған. Оның дәлелі, былтырғы оқу жылында кітапхана қорын 2256666,2 миллион теңгеге жаңартылған  мазмұндағы 953 оқулықпен жаңа әдістемелік құралдармен толықтырылды. Қазіргі таңда колледжде 180 электронды оқулық, 200-дей көрнекі құралдар бар. Компьютерлік сынып толық жабдықталған. Сыныптағы 17 компьютер интернет желісіне қосылған. Сонымен бірге 5 дана интербелсенді тақта оқушылардың сапалы білім алуына қызмет етуде.

Жұмысшы маман кадрын даярлау барысында өндірістік  іс-тәжірибеден өткізуге ыңғайластырылған шеберханалар мен автотрактор жүргізу алаңы – автод
ром жол жүру ережесі бойынша белгілермен толық жабдықталған. Осы саладағы жаңалықтар мен өзгерістер тұрақты түрде өндіріске енгізіледі.

Алғашқы әскери даярлық кабинеті  мультимедиалық тақтамен жабдықталған. Оқушылардың  спортпен айналысуына қажетті саймандармен қаматамасыз етілген. Жаз айларында спортпен айналысу үшін жаздық спорт алаңы да бар. Колледждің  білімгерлері волейболдан, баскетболдан, теннистен, қол күресінен, тоғызқұмалақтан, асық атудан, шағын футболдан аудандық және облыстық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары.

Колледж асханасы әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан білімгерлерге бір мезгіл ыстық тамақ береді. 172 орындық асхана ас мәзірін дайындауға және сақтауға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Сапалы маман даярлау үшін ең алдымен оқытушылар мен ұстаздар, шеберлер іскерлігінің  жоғары болуы аса маңызды. Бүгінгі күнде оқу орнындағы кадр мәселесі дұрыс жолға қойылған, мамандар тапшылығы жоқ. 2020-2021 оқу жылында санаттары бойынша: жоғары санатты – 3, бірінші санатты – 16, екінші санатты – 12, 1 магистр, 1 «Алтынсарин төсбелгісі» бар оқытушылар және шеберлер жұмыс істейді. Жалпы жоғары және бірінші санатты қызметкерлердің үлесі 58% құрайды. Бұл ауылда орналасқан колледж үшін жаман көрсеткіш емес. Жоғары санаттағы мамандардың көп болуы бағытында алдағы уақытта да үйлесімді әрі мақсатты жұмыс жүргізетініне колледж әкімшілігі нық сенімді.  

Колледж жатақханасында білімгерлердің білім алуына және тынығуына толық жағдай қарастырылған. Атап айтар болсақ, жатын бөлмелері жайлы, сабаққа дайындалуы үшін кітапхана мен арнай компьютер кабинеттері үздіксіз қызмет етеді.  Тамақтанатын ас бөлмелері қарастырылған. Кураторлар білімгерлермен тығыз байланыста түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, тәрбие сағатын өткізу дәстүрге айналған. Сонымен қатар білімгерлердің басым бөлігі аудан әкімдігінің жастар ресурстары орталығымен тығыз байланысып, жазғы демалыс кезінде «Жасыл ел» бағдарламасында жұмыспен қамтылады.

Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауындағы 7- бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екнішіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет, ХХІ ғасырда білім беру ісін  дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет» деген болатын. Осы биіктен көріну үшін елімізде бұл бағытта көпжұмыс атқарылды да. Қазіргі ғылыми – техникалық үрдістің үздіксіз, қарқынды дамуына байланысты кәсіптік білім беру жүйесінің алдына жаңа талаптар қойылуда. Кәсіби мамандарды даярлауда білімді тәжірибемен ұштастыру  аса маңызды. Осы орайда, қазір бізде кеңінен құлаш жайған дуалдық оқу жүйесі тиімді екенін өмір дәлелдеді. Білімгерлердің кәсіби мамандығы бойынша алғашқы еңбек және тәжірибелерін жинақтауы қажеттілік. Колледж ұжымы Елбасы қойған міндеттерді орындауда абырой  биігінен көрінуге күш салып, колледждің стратегиялық мақсаттарына жету барысында бәсекеге қабілетті маман әзірлеуде қолға алынған «Жас маман» бағдарламасы аясында  әлемдік стандарттар мен тәжірибелерге, соның ішінде «WordSkills» стандарттарына сай еңбек нарығына шебер даярланған кадрларды шығаруға толық мүмкіндік береді.