Біліктілігі: 3W07230102 Арнайы тігінші – жеңіл өнеркәсіп саласының біріне жатады. Еңбек нарығында тез бейімделуге және қоғамда табысты әлеуметтенуге, Қазақстан Республикасының экономикалық секторының кәсіпорындары мен түрлі құрылымдарына ұйымдастырушылық-технологиялық, өндірістік-әкімшілік, тігін өндірісі саласында сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Арнайы тігінші мамандарын даярлау 2004 жылдан бастап жүргізіледі, осы мамандықты ашу үшін негіз Жуалы ауданы кәсіпорындары үшін орта буын кадрларына деген қажеттілік болды, атап айтқанда, «Асемова Г» ЖК «Утебова Д» ЖК сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету бойынша шағын және орта бизнесті дамыту, аудан аумағындағы шағын ателье мен тігін цехтары. Еңбек нарығының талаптарына сәйкес 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеумамандығы бойынша кадрларды дайындау және жақсарту бойынша жұмыс жүйелендірілді. Тігін мамандығы шағын бизнес бастауы. 07230100 Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу мамандығының міндеті – еңбек нарығында тез бейімделуге және қоғамда табысты әлеуметтенуге, Қазақстан Республикасының экономикалық секторының кәсіпорындары мен түрлі құрылымдарына ұйымдастырушылық-технологиялық, өндірістік-әкімшілік, сервистік қызмет көрсетуге қабілетті білікті құзыретті мамандарды даярлау.