Біліктілігі: 3W07150501 Электргазымен дәнекерлеуші мамандығы – еңбек нарығында тез бейімделуге және қоғамда табысты әлеуметтенуге, Қазақстан Республикасының экономикалық секторының кәсіпорындары мен түрлі құрылымдарына ұйымдастырушылық-технологиялық, өндірістік-әкімшілік, құрылыс, машина жасау өндірісінің сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Электргазымен дәнекерлеуші даярлау 2004 жылдан бастап жүргізіледі, осы мамандықты ашу үшін негіз Жуалы ауданы кәсіпорындары үшін орта буын кадрларына деген қажеттілік болды, атап айтқанда, «Жуалы су» ЖШС «Жасыл ел Жуалы» ЖШС сонымен қатар Халыққа қызмет көрсету бойынша шағын және орта бизнесті дамыту, аудан көлеміндегі ірі шаруа қожалықтар. Еңбек нарығының талаптарына сәйкес 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) мамандығы бойынша кадрларды дайындау және жақсарту бойынша жұмыс жүйелендірілді.Дәнекерлеу ол өндірістің тірегі. Дәнекерлеуші мамандығы өндірістің кез-келген саласын қамтиды. 07150500 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша) мамандығының міндеті – еңбек нарығында тез бейімделуге және қоғамда табысты әлеуметтенуге, Қазақстан Республикасының экономикалық секторының кәсіпорындары мен түрлі құрылымдарына ұйымдастырушылық-технологиялық, өндірістік-әкімшілік, сервистік қызмет көрсетуге қабілетті білікті құзыретті мамандарды даярлау.