Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Колледждің білім беру қызметі 2020-2021, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының» 3-тармағына, ал 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы №385бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының» 5-тармағында қарастырылған міндеттерін іске асыруда. Колледж қызметі ұзақ мерзімді және жылдық жоспарларға сәйкес жұмыс атқаруда. 2020-2021 оқу жылдарына колледж ішілік құжаттар тізбесі «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардыңнысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2007 жылғы 23 қазандағы №502 Бұйрығы негізінде жүргізілген. Ал, 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарына барлық колледж ішілік құжаттар тізбесі «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарынбекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы (бұдан әрі-№130 бұйрық) негізінде жасалынды. Колледж бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі мен көлемі жаратылыстану-математикалық бағыттары бойынша мамандық бейінін ескере отырып айқындалады. Жаратылыстану-математикалық бейінге – «Ауыл шаруашылығын механикаландыру, «Дәнекерлеу ісі», «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу», «Электр жабдықтары», «Автомобиль жөндеу слесарі»  салалары жатады. Бейініне қарамастан міндетті жалпы білім беретін «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» «Орыс тілі және әдебиеті»,»Шетел тілі», «Математика», «Информатика», «Қазақстан тарихы»,  «Дене тәрбиесі», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәндері және  мамандық бейініне байланысты ТжКБ ұйымдары оқытудың тереңдетілген және стандарттық деңгейлерінің екі пәннен қарастырылды. Тереңдетілген оқыту деңгейіндегі пәндеріне «Физика», «Химия», «Биология», «География» жатады. Стандарттық деңгейдегі пәндерге «Дүниежүзі тарихы», «Биология», «География» жатады.