Іс- тәжірибе туралы
№16 Жуалы колледжінде студенттердің өндірістік тәжірибеден аудандағы кәсіпорындар мен жеке шаруашылықтар және кәсіпкерлермен екі жақты келісім шарт жасалып, колледж шеберлері мен кәсіпорын жетекшілерінің жетекшілігімен жүргізіледі.Колледжде дайындалатын 6 мамандық бойынша күндізгі оқыту бөлімдердің кәсіби тәжірибелерден өткізу жұмыстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде кәсіпорындарды (ұйымдарды) айқындау қағидаларына» және МЖМС-қа сәйкес дайындалған типтік және оқу жұмыс бағдарламалары негізінде ұйымдастырылған.
Оқу практикасының бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 қазандағы №553 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16013 тіркелген) техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес әзірленді.
«Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуалды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы негізінде мамандықтардың даярланатын біліктілігіне сәйкес практика базаларымен екі жақтама келісім шарттар жасалынды.
Әлеуметтік серіктестер колледжде білім алушылардың практикаларын ұйымдастыруға қатысады, қажетті өндірістік жағдайларды жасайды.
Біздің әлеуметтік серіктестер:
ЖК «Алипбаева» басшысы Алипбаева Н.
ШҚ«Әсем» басшысы Дударов Б
ШҚ «Зеркул» басшысы Тұрмаханбетов А
ЖК «КамаловаМ» басшысы Камалова М
ЖК «Бахаева» басшысы Бахаева Г
ЖШС «Гамбург» басшысы Кох Е.Е.
ЖШС «Ғапар»
ЖШС «БМК»
АПК «Бурное ірімшік компаниясы»