Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын

Кітапхана туралы мәлімет

№16 Жуалы колледжінде кітапхананың жалпы  көлемі- 20м² . Оқу залы  бар.  Кітапхана оқырмандар саны 219 білімгер және  55 қызметкерді құрайды. 

Колледж   кітапханасында 14825 кітап   қоры  бар.

Жыл  сайын   наурыз  айында  Жамбыл облысы  әкімдігінің  білім басқармасана сұраныс  беріліп, керекті  оқу - құралдарын  алдырып, кітап қорын  толтырып отырамыз.

2022 жылдың қараша айында 2 123966,94 тенгеге мамандықтар бойынша 500 дана оқулық, 100 дана көркем  әдебиеттерге  сұраныс берілген. Қазіргі таңда  кітапхана қоры  аталған кітаптармен толықты. Кітапхана  оқырмандары  жыл сайын  көбейюде . Сабақтан тыс  уақытта  білімгерлер  ақын  жазушылардың  шығармашылық жұмыстарымен танысып,  мамандықтар  бойынша  түрлі  тапсырмаларды орындайды.

2021 жылы №16 Жуалы колледжінде "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында жоспар  құрылып, ай сайын түрлі іс- шаралар өтілуде. Атап айтсақ, Кітап - табыс мекені" тақырыбында 1 курс студенттеріне Ашық есік күні, 14.12.2022 жылы "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Тәуелсіздік - ел арманы" тақырыбында кітапхана сағаты және кітапхана бұрышы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, жазушы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай "Бір кем дүние" шығармасын  кітапханада білімгерлерге түсіндіріп, әдеби кеш өтті.

Аптасына бір күн жатақхана білімгерлерімен жұмыс жүргізіліп отырады.

2020 жылдан бастап барлық кітаптарды ақпараттық – библиографиялық жүйге енгізіліп, білім беру үдерісін жаңғыртып, жеңіл тез кітаптарды табуға мүмкіндік жасалынды. Бұл жүйе арқылы  кітаптарды тез есептеп, электронды   оқулықтарды барлық тұтынушылар оқуға  мүмкіндік  туады.