«Жас маман» жобасына қатысу мақсаты – студенттерге жоғарғы деңгейде білім алуына мүмкіндіктер жасау, қазіргі таңда техниканың дамыған кезеңі, жаһандану заманында білікті де, білімді студенттер тәрбиелеуде, озық техника мен технологияны пайдаланып, бәсекеге қабілетті маман дайындау.

«Жас маман» жобасынан күтілетін нәтиже:
- Теория мен тәжірибе сабақтары арасындағы алшақтық жойылады;
- Worldskills талаптары бойынша дағды қалыптасады;
- Түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі оң шешімін табады;
- Оқу орны жұмыс берушінің болашақ мамандарға деген талаптарын үнемі ескертіп отырады;
- Жұмыс берушілер өндіріс талабына сай білім алушыларға қойылатын біліктілік талаптарды дайындауға, кәсіптік стандарттарды, дуальды оқу жүйесі бойынша модульдік оқу бағдарламаларын дайындауға және арнайы пән оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерін тағылымдамадан өткізуге қатысады;
Дуальді оқу жүйесімен оқыған оқушы белгілі құзіреттерді меңгерген кәсіби маман болып табылады
- «Jualу Agro Stydent » құзыреттілік орталығы